Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

13. Көше қиылысын өту

13. Көше қиылысын өту

13.1. Оңға не­месе солға бұрылған кез­де жүргi­зушi ол бұры­латын жол­дың жүрiс бөлi­гiн ке­сiп өте­тiн жа­яу жүргiн­шi­ге, оны ве­лоси­пед жо­лымен ке­сiп өте­тiн ве­лоси­пед­шi­ге және 5.9 (18.2-тар­мағын ес­ке­ре оты­рып) бел­гi­сiмен бел­гi­лен­ген жол жо­лағы бойымен қозғалып ке­ле жатқан марш­рут­тық көлiк құрал­да­рына жол бе­руге мiн­деттi.

13.2. Көше қиылы­сына не­месе жүрiс бөлi­гi өтпе­сiне, егер жүргi­зушi­нi аял­дауға мәжбүр ете­тiн тығылыс бол­са, көлiк құрал­да­рының көлде­нең бағыт­тағы қозғалы­сы үшiн ке­дер­гi кел­тi­ре оты­рып шығуға тыйым са­лына­ды.

13.3. Жүргi­зушi­ге шо­луды шек­тей­тiн, iлес­пе бағыт­та қозғала­тын көлiк құра­лының ал­ды­на түсу­ге тыйым са­лына­ды.

Егер көше қиылы­сын­да не­месе оның ал­дында көлiк құра­лы аял­да­са, он­да көршi жол жо­лағымен қозғалып ке­ле жатқан басқа көлiк құрал­да­рының жүргi­зушi­лерi мұның қауiп­сiз екен­дi­гiне көз жет­кiзген­нен кейiн ғана қозғалыс­ты жалғас­ты­ра ала­ды.

13.4. Қозғалыс ке­зек­тi­лiгi бағдар­шамның не­месе рет­те­ушi­нiң сиг­налда­рымен айқын­да­латын көше қиылы­сы рет­те­летiн бо­лып есеп­те­ледi.

Жұмыс iс­те­мей тұрған бағдар­шамның жы­пылықтаған са­ры сиг­на­лы ке­зiн­де не­месе рет­те­ушi жоқ бол­са, көше қиылы­сы рет­телмей­тiн бо­лып есеп­те­ледi және жүргi­зушi­лер рет­телмей­тiн көше қиылыс­та­рын өту ере­желе­рiн және көше қиылы­сын­да ор­на­тылған ба­сым­ды­лық бел­гi­лерiн бас­шы­лыққа ала­ды.

Рет­те­летiн көше қиылыс­та­ры

13.5. Бағдар­шамдар­дың рұқсат ете­тiн сиг­налда­ры бойын­ша солға не­месе артқа бұрылған кез­де рель­ссiз көлiк құра­лының жүргi­зушi­сi қара­ма-қар­сы бағыт­тан тi­ке не­месе оңға қозғала­тын, оның iшiн­де Ере­женiң 5.6-тар­мағына сәй­кес көше қиылы­сына шығатын көлiк құрал­да­рына жол бе­руге мiн­деттi. Трам­вай­лар­дың жүргi­зушi­лерi де осын­дай ере­женi өза­ра бас­шы­лыққа алуға мiн­деттi.

13.6. Бағдар­шамның са­ры және қызыл сиг­налда­рымен бiр­дей уақыт­та қосым­ша сек­ци­яда iс­ке қосылған бағыт­та­ушы­ның бағытын­да қозғалған кез­де жүргi­зушi басқа бағыт­тардан қозғалып ке­ле жатқан көлiк құрал­да­рына жол бе­руге мiн­деттi.

13.7. Егер бағдар­шамның не­месе рет­те­ушi­нiң сиг­на­лы трам­вайға және рель­ссiз көлiк құра­лына бiр­дей уақыт­та қозғалуға рұқсат бе­ретiн бол­са, он­да трам­вай, оның қозғалы­сы бағыты­на қара­мас­тан, ар­тықшы­лықта бо­лады. Со­нымен қатар бағдар­шамның са­ры және қызыл сиг­налда­рымен бiр­дей уақыт­та қосым­ша сек­ци­яда iс­ке қосылған бағыт­та­ушы­ның бағыты­мен қозғалған кез­де трам­вай басқа бағыт­тардан қозғалып ке­ле жатқан көлiк құрал­да­рына жол бе­руге ти­iс­тi.

13.8. Бағдар­шамның рұқсат бе­ретiн сиг­на­лы ке­зiн­де көше қиылы­сына кiр­ген жүргi­зушi көше қиылы­сынан шығудағы бағдар­шам сиг­на­лына қара­мас­тан, бел­гi­лi бағытқа шығуға мiн­деттi. Со­нымен қатар, егер көше қиылы­сын­да, жүргi­зушi­нiң бағыт алған жо­лын­да ор­на­ласқан бағдар­шамның ал­дында тоқтау-сы­зығы және (не­месе) 5.33 бел­гi­сi бол­са, жүргi­зушi әрбiр бағдар­шамның сиг­на­лын бас­шы­лыққа алуға мiн­деттi.

13.9. Бағдар­шамның рұқсат бе­ретiн сиг­на­лы iс­ке қосылған­да жүргi­зушi көше қиылы­сы арқылы қозғалы­сын аяқтай­тын көлiк құра­лына және осы бағыт­тағы жүрiс бөлi­гiн­де өту­дi аяқта­маған жа­яу жүргiн­шi­ге жол бе­руге мiн­деттi.

13.10. Қозғалыс қосым­ша сек­ци­ясы бар бағдар­шаммен рет­те­летiн көше қиылы­сын­да ай­на­лу қозғалы­сын жа­сай­тын жол жо­лағы үстiн­де­гi жүргi­зушi, егер оның аял­да­уы осы жол жо­лағы бойымен оның ар­ты­нан ке­ле жатқан көлiк құра­лына ке­дер­гi ту­дыра­тын бол­са, iс­ке қосылған бағыт­та­ушы көрсет­кен бағыт­та қозғалы­сын жалғас­ты­руы ти­iс.

Рет­телмей­тiн көше қиылыс­та­ры

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 13.11.-тар­мақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

13.11. Тең емес мәнде­гi жол­дардың қиылы­сын­да, екiн­шi дәре­желi жол­дың бойымен қозғалу­шы көлiк құра­лының жүргi­зушi­сi олар­дың әрi қарайғы қозғалыс бағыты­на бай­ла­ныс­сыз, бас­ты жол­мен жақын­дап қалған, оның iшiн­де кейiн қарай бұры­луды жүзе­ге асы­ратын көлiк құра­лына жол бе­руге мiн­деттi. Бөлу жол жо­лағы бар бас­ты жол­мен қозғала­тын жүргi­зушi көше қиылы­сын­да ке­рi ай­на­луды жүзе­ге асыр­мас бұрын екiн­шi дәре­желi жол­мен көше қиылы­сына жақын­даған көлiк құра­лының оған жол бе­ретiн­дi­гiне көз жет­кi­зуi ти­iс.

13.12. Бас­ты жол көше қиылы­сын­да бағытын өзгерт­кен жағдай­да бас­ты жол­мен қозғала­тын жүргi­зушi­лер бiр­дей маңызы бар жол­дардың қиылы­сын өту ере­жесiн өза­ра бас­шы­лыққа алуға мiн­деттi. Екiн­шi дәре­желi жол­мен қозғалып ке­ле жатқан жүргi­зушi­лер де осы ере­женi бас­шы­лыққа алуға мiн­деттi.

13.13. Бiр­дей маңызы бар жол­дардың қиылы­сын­да рель­ссiз көлiк құрал­да­рының жүргi­зушi­сi оң жақтан жақын­дап қалған көлiк құра­лына жол бе­руге мiн­деттi. Трам­вай­лар­дың жүргi­зушi­лерi де өза­ра осы ере­желер­дi бас­шы­лыққа алуға мiн­деттi.

Мұндай көше қиылыс­та­рын­да, оның қозғалыс бағыты­на қара­мас­тан, рель­ссiз көлiк құрал­да­рының ал­дында трам­вай ар­тықшы­лыққа ие бо­лады.

13.14. Солға не­месе ке­рi бұрылған кез­де рель­ссiз көлiк құра­лының жүргi­зушi­сi қара­ма-қар­сы бағыт­та бiр­дей маңыз­ды жол бойымен тi­ке не­месе оңға қозғалып ке­ле жатқан көлiк құрал­да­рына жол бе­руге мiн­деттi. Трам­вай­лар­дың жүргi­зушi­лерi де өза­ра осы ере­желер­дi бас­шы­лыққа алуға мiн­деттi.

13.15. Егер жүргi­зушi жол­дың төсе­нiшi бар-жоғын айқын­дай ал­ма­са (тәулiк­тiң қараңғы ке­зi, бал­шық, қар және сол сияқты), ба­сылым­ды­лық бел­гi­лерi бол­ма­са, ол екiн­шi дәре­желi жол­да­мын деп есеп­те­уi ке­рек.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: