Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтарының болуын тексеруге болады:
Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз. |
18. Маршруттық көлiк құралдарының басымдылығы18.1. Көше қиылысынан тыс, трамвай жолдары жүрiс бөлiгiн кесiп өтетiн жерлерде трамвай, деподан шыққаннан басқа жағдайларда, рельссiз көлiк құралдарының алдында артықшылыққа ие болады. 18.2. 5.9, 5.10.1.-5.10.3 белгiлерiмен белгiленген, маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағы бар жолдарда осы жол жолағымен басқа көлiк құралдарының қозғалуына және аялдауына тыйым салынады. Егер 5.9 белгiсiмен белгiленген жол жолағы қалған жүрiс бөлiктерiнен үзiк-үзiк таңбалау сызықтарымен бөлiнген болса, онда бұрылу кезiнде көлiк құралдары соған орын ауыстырулары қажет. Сондай-ақ мұндай жерлерде бұл жол жолағына егер бұл маршруттық көлiк құралдарына кедергi тудырмайтын болса, жүрiс бөлiгiнiң оң жақ шетiнен жолға кiрер кезде және жолаушыларды отырғызу және түсiру үшiн кiруге рұқсат етiледi. 18.3. Елдi мекендерде жүргiзушiлер белгiленген аялдамалардан қозғалысты бастайтын троллейбустарға және автобустарға жол беруi тиiс. Троллейбустар мен автобустардың жүргiзушiлерi оларға жол берiлгендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана қозғалысты бастай алады. |
Сайтқа кіруӨзекті сұхбатҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды. толығырақ » Акциялар20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. толығырақ » Дауыс беруЕгер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз:
|