Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

19. Сыртқы жарықтандыру приборларын және дыбыстық сигналдарын пайдалану

19. Сыртқы жарықтандыру приборларын және дыбыстық сигналдарын пайдалану

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 19.1.-тар­мақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

19.1. Тәулiк­тiң қараңғы уақытын­да және жол­дың жа­рықтан­ды­рылу­ына қара­мас­тан жет­кi­лiк­сiз көрi­ну жағдай­ла­рын­да, сон­дай-ақ тон­нель­дер­де көлiк құрал­да­рының мы­надай жа­рықтан­ды­ру при­бор­ла­ры;

бар­лық ме­хани­калық көлiк құрал­да­ры мен мо­пед­терге - га­барит­тiк шам­дар мен алыс және жақын жа­рық фар­ла­ры, ве­лоси­пед­терде - фар­лар не­месе фо­нарь­ла­ры, дел­бе­сi бар көлiк-ар­ба­да - фо­нарь­лар (олар болған кез­де);

тiр­ке­мелер мен сүй­рет­пе ме­хани­калық көлiк құрал­да­рын­да - көлем­дiк от­тар iс­ке қосы­луы ти­iс.

19.2. Мы­на:

егер жол жа­рықтан­ды­рылған бол­са, ел­дi ме­кен­дерде;

қара­ма-қар­сы жол айырығын­да көлiк құра­лына 150 м кем дейiн­гi, сон­дай-ақ және одан үлкен ара қашықтықта, қар­сы ке­ле жатқан көлiк құра­лының жүргi­зушi­сi фар­дың жа­рығын мез­гiл-мез­гiл жағып-сөндi­рiп, мұның қажет екен­дi­гiн көрсет­се;

қара­ма-қар­сы, со­нымен бiр­ге iлес­пе көлiк құрал­да­ры жүргi­зушi­лерi­нiң көзiн қарықты­ру мүмкiн­дi­гiн бол­дырмау үшiн кез кел­ген басқа жағдай­лар­да алыс жа­рық жақын жа­рықпен ауыс­ты­рылуы ти­iс.

Көзiн қарықтырған жүргi­зушi ава­ри­ялық жа­рық сиг­на­лын iс­ке қосып, қозғалыс жол жо­лағын ауыс­тырмай аял­да­уы ти­iс.

19.3. Тәулiк­тiң қараңғы уақытын­да жол­дың жа­рықтан­ды­рыл­май­тын учас­ке­сiн­де, сон­дай-ақ жет­кi­лiк­сiз көрi­ну жағдай­ла­рын­да аял­даған және тұрған кез­де көлiк құра­лын­да көлем­дiк от­тар жағылуы ти­iс. Көру жет­кi­лiксіз болған жағдай­да көлем­дiк от­тарға қосым­ша жақын жа­рық фа­ры, тұманға қар­сы фар­лар және артқы тұманға қар­сы фар­лар iс­ке қосы­луы мүмкiн. Көлем­дiк от­тардың ақауы бол­са, көлiк құрал­да­ры жол ше­кара­сынан тыс әке­тiлуi ти­iс, ал егер бұл мүмкiн бол­ма­са, оны Ере­женiң 7.1 және 7.2-тар­мақта­рының та­лап­та­рына сәй­кес бел­гi­леу қажет.

ҚР Үкi­метi­нiң 19.12.02 ж. № 1329 қаулы­сымен 19.4-тар­мақ жаңа ре­дак­ци­яда (бұрынғы ред. қара)

19.4. Жол по­лици­ясын­да тiр­келмей­тiн ав­токөлiк құрал­да­рын, жа­бық аумақтар­да пай­да­ланы­латын және жал­пы пай­да­ланы­латын жол­дарда пай­да­лануға жат­пай­тын тех­но­логи­ялық көлікті, сон­дай-ақ ша­руа және фер­мер қожа­лықта­рының iшінде пай­да­ланы­латын осы қожа­лықтар­дың ав­токөлi­гiн, бе­тон және це­мент та­сушы­лар­ды қос­паған­да, 22895-77 ГOCT бойын­ша М2, М3, №2, №3, О2, О3, О4 са­нат­та­рын­дағы көлiк құрал­да­рының бүйір және артқы жақта­рының кон­турла­ры СТ РК ГОСТ P 51253-2001 және СТ РК ГОСТ P 41.104-2001-ге сәй­кес жа­рық қай­тарғыш ма­тери­ал­дармен таңба­лануы ти­iс;

19.5. Тұманға қар­сы фар­лар:

же­келей, сол сияқты фар­дың жақын және алыс жа­рығымен бiр­ге, жет­кi­лiк­сiз көрi­ну жағдай­ла­рын­да;

тәулiк­тiң қараңғы уақытын­да жол­дың жа­рықтан­ды­рыл­май­тын учас­ке­сiн­де фар­дың жақын және алыс жа­рығымен бiр­ге;

Ере­женiң 19.6-тар­мағын­да көздел­ген жағдай­лар­да фар­дың жақын жа­рығының ор­ны­на пай­да­ланы­луы мүмкiн.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 19.5.-1-тар­мақпен то­лықты­рыл­ды

19.5-1. Тұманға қар­сы фар­лар алыс және (не­месе) жақын жа­рық фар­ла­рының қосылғаны­на қара­мас­тан, га­барит­тiк шам­дар қосылған кез­де қосы­луы ти­iс.

ҚР Үкіметінің 2007 ж. 25 ма­мыр­дағы № 420 Қаулы­сымен 19.6. тар­мақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

19.6. Тәулiк­тiң жа­рық уақытын­да қозғалған кез­де қозғалыс­тағы көлiк құра­лын бел­гi­леу мақса­тын­да:

елді ме­кен­дерден тыс жер­лерде қозғалы­сы кезінде;

қала­лар­дағы және басқа да елді ме­кен­дердегі жал­пы пай­да­лану­дағы көлікте;

мо­тоцикл­дер мен мо­пед­терде;

ұйым­дасты­рылған көлiк ко­лон­на­сының қозғалы­сы ке­зiн­де;

көк түстi жарқыра­уық ма­ягi iс­ке қосу­лы же­дел және ар­на­улы қыз­мет ав­то­мобиль­де­рi алып ке­ле жатқан көлiк құрал­да­рын­да;

не­гiз­гi қозғалыс ле­гiне қара­ма-қар­сы ар­на­улы бөлiн­ген жол жо­лағының бойымен қозғалып ке­ле жатқан марш­рут­тық көлiк құрал­да­рын­да;

марш­рут­тық емес ав­то­бус­тарда не­месе жүк ав­то­мобиль­де­рiн­де ба­лалар топ­та­рын ұйым­дасты­рылған түрде та­сымал­даған­да;

қауiп­тi, iрi көлем­дi және ауыр сал­мақты жүктер­дi та­сымал­дау ке­зiн­де; ме­хани­калық көлiк құра­лын сүй­рет­кенде (сүй­ре­летiн көлiк құра­лын­да);

бөлу жол жо­лақта­ры бар жол­дың қозғалыс үшiн жа­бық жүрiс бөлi­гiн 5.34.1 бел­гi­сiнiң та­лап­та­рына сәй­кес ай­на­лып өткен­де фар­дың жақын жа­рығы iс­ке қосы­луы ти­iс.

19.7. Фар-про­жек­торды және фар-iз­де­ушi­нi қара­ма-қар­сы көлiк құра­лы жоқ кез­де ел­дi ме­кен­нен тыс жер­лерде ғана пай­да­лануға рұқсат етi­ледi. Ел­дi ме­кен­дерде мұндай фар­ларды тек қана же­дел және ар­на­улы қыз­меттiң көлiк құрал­да­рының жүгi­зушi­лерi қыз­меттiк тап­сырма­ны орын­дау ке­зiн­де пай­да­лана ала­ды.

19.8. Тұманға қар­сы артқы фо­нарь­лар көрi­ну жет­кi­лiк­сiз болған жағдай­лар­да ғана қол­да­ныла­ды. Тұманға қар­сы артқы фо­нарь­ды тоқтау-сиг­на­лына қосуға тыйым са­лына­ды.

19.9. "Ав­то­по­езд" айырым бел­гi­сi ав­то­по­ез­дың қозғалы­сы ке­зiн­де, ал тәулiк­тiң қараңғы уақытын­да және жет­кi­лiк­сiз көру жағдайын­да, бұдан басқа оның аял­дау және тұру ке­зiн­де iс­ке қосы­луы ти­iс.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 19.10.-тар­мақ жаңа ре­дак­ци­яда (бұр.ред.қара)

19.10. Сарғыш қызыл не­месе са­ры түстi жарқыл­да­уық ма­як жол­дарды са­лу, жөндеу не­месе ұстау, бұзылған, жа­рам­сыз және өзге де көлiк құрал­да­рын ти­еу және та­сымал­дау жөнiн­де­гi жұмыс­тарды орын­дау ке­зiн­де көлiк құрал­да­рын­да; ауыр сал­мақты, iрi көлем­дi жүктер­дi та­сымал­да­уды жүзе­ге асы­ру ке­зiн­де көлiк құрал­да­рын­да; ауыр сал­мақты, iрi көлем­дi және қауiп­тi жүктер­дiң та­сымал­да­рына ілесіп жүре­тiн көлiк құрал­да­рын­да; ұйым­дасты­рылған ба­лалар топ­та­рын та­сымал­дауға ар­налған ав­то­бус­тарда қосы­луы ти­iс.

19.11. Ды­быс сиг­налда­ры тек қана:

басқа жүргi­зушi­лер­дi ел­дi ме­кен­нен тыс жер­де ба­сып озу ни­етiн ес­керту үшiн;

бұл жол-көлiк оқиғасын бол­дырмау үшiн қажет болған жағдай­лар­да қол­да­нылуы мүмкiн.

19.12. Ба­сып озу ту­ралы ес­керту үшiн, сон­дай-ақ Ере­женiң 9.4-тар­мағын­да көздел­ген жағдай­лар­да жа­рық сиг­на­лы тәулiк­тiң жа­рық уақытын­да мез­гiл-мез­гiл қысқа уақытқа фар­дың жа­рығын жан­ды­рып-сөндi­румен, ал тәулiк­тiң қараңғы уақытын­да - бiр­не­ше қай­та­ра фар­дың жақын жа­рығын алыс жа­рыққа ауыс­ты­румен бе­рiлуi мүмкiн.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: