Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

22. Жолаушыларды тасу

22. Жолаушыларды тасу

22.1. Жүк ав­то­моби­лiнiң ку­зовын­да жо­ла­ушы­лар­ды та­сымал­дауға "С" са­натын­дағы көлiк құрал­да­рын басқару құқығына куәлi­гi (ка­бина­дағы жүргi­зушi­нi қоса алған­да 8 адам­нан ар­тық та­сымал­дау ке­зiн­де) осы са­нат­тағы көлiк құра­лын басқару­да 3 жыл­дан ар­тық ста­жы бар жүргi­зушi­лер жi­берi­ледi.

Ес­керт­пе. Әске­ри жүргi­зушi­лер­ге жүк ав­то­мобиль­де­рiмен жо­ла­ушы­лар та­сымал­дауға рұқсат бе­ру бел­гi­лен­ген тәртiп­те жүзе­ге асы­рыла­ды.

22.2. Жо­ла­ушы­лар­ды борт­тық плат­форма­сы бар жүк ав­то­моби­лiнiң ку­зовын­да, егер ол Не­гiз­гi ере­желер­дiң 4-тар­мағының та­лап­та­рына сәй­кес жаб­дықталған бол­са, та­сымал­дауға рұқсат етi­ледi.

22.3. Жүк ав­то­моби­лiнiң жүргi­зушi­сi жол жүрер ал­дында жо­ла­ушы­ларға мi­ну, түсу және ку­зов­та ор­на­ласу тәртi­бi ту­ралы түсiн­дi­руге; қозғалыс ке­зiн­де тұруға және бортқа оты­руға тыйым са­лынған­дығы ту­ралы ес­керту­ге ти­iс.

Қозғалыс­ты жо­ла­ушы­лар­ды қауiп­сiз та­сымал­дау ша­рала­ры қам­та­масыз етiл­гендi­гiне көз жет­кi­зiл­геннен кейiн бас­тауға бо­лады.

22.4. Борт­тық плат­форма­сы бар, жо­ла­ушы­лар та­сымал­дау үшiн жаб­дықтал­маған жүк ав­то­моби­лiнiң ку­зовын­да жүру­ге, олар борт­тың деңгейiнен төмен ор­на­ласқан орын­дықтар­мен қам­та­масыз етiл­ген жағдай­да ғана, жүктi алып ба­ра жатқан не­месе жүк әке­луге жi­берiл­ген адам­дарға рұқсат етi­ледi.

22.5. Марш­рут­тық емес ав­то­бус­пен не­месе бүрке­ме-ку­зов­ты жүк ав­то­моби­лiмен ба­лалар то­бын та­сымал­даған кез­де олар­мен бiр­ге, ал борт­тық плат­форма­сы бар жүк ав­то­моби­лiнiң ку­зовын­да - Ере­женiң 4-бөлi­мiнiң та­лап­та­рына сәй­кес қауiп­сiз та­сымал­да­уды қам­та­масыз ету­ге мiн­деттi ке­мiн­де екi ере­сек (18 жас­тан үлкен) алып жүру­шi бо­луы ти­iс.

Бұл көлiк құрал­да­рының ал­дында және ар­тында "Ба­лалар­ды та­сымал­дау" де­ген айырым бел­гi­сi ора­тылуы ти­iс.

22.6. Жүргi­зушi жо­ла­ушы­лар­ды отырғызу­ды және түсi­рудi көлiк құра­лы то­лық тоқтаған­нан кейiн жүзе­ге асы­руға, ал қозғалыс­ты есiк­тер жа­бық күйiн­де бас­та­уы және олар­ды то­лық тоқтағанға дейiн аш­пауға мiн­деттi.

22.7. Жо­ла­ушы­лар­ды:

ав­то­мобиль­дiң (борт­тық плат­форма­сы не­месе бүрке­мелi ку­зовы бар жүк ав­то­мобиль­де­рiнiң ку­зовын­да жо­ла­ушы­лар­ды та­сымал­дау жағдай­ла­рынан басқа), трак­тордың, өздi­гiнен жүре­тiн ма­шина­ның ка­бина­сынан тыс, жүк тiр­ке­месiн­де, жүк мо­тоцик­лi­нiң ку­зовын­да және мо­тоцикл конс­трук­ци­ясын­да оты­руға ар­налған орын­нан тыс;

көлiк құра­лының тех­ни­калық си­пат­та­масын­да көздел­геннен, 12 жасқа дейiн­гi ба­лалар­ды са­намаған­да, жоғары сан­да. Мұндай­да көлiк құра­лының нақты сал­мағы дайын­да­ушы-кәсi­порын бел­гi­леген рұқсат етiл­ген ең жоғары мас­са көле­мiнен ас­па­уы ти­iс және 12 жасқа дейiн­гi ба­лалар са­ны жо­ла­ушы­ларға ар­налған оты­ратын орын са­нынан ас­па­уы ке­рек;

мо­тоцикл­дiң артқы орын­дығын­да мас күйiн­де;

жүк ав­то­моби­лiнiң ку­зовын­да оты­ру үшiн жаб­дықталған­нан жоғары сан­да та­сымал­дауға тыйым са­лына­ды.

22.8. 12 жасқа дейiн­гi ба­лалар­ды та­сымал­дауға тыйым са­лына­ды:

мо­тоцикл­дiң артқы орын­дығын­да;

ба­лаларға ар­налған ұстап тұру құрылғысы бол­маған­да, жеңiл ав­то­мобиль­дiң ал­дыңғы орын­дығын­да. Бұл тыйым са­лу жеңiл ав­то­мобиль не­гiзiн­де­гi жо­ла­ушы-жүк ав­то­мобиль­де­рiне және жүк ав­то­мобиль­де­рiне қол­да­ныл­май­ды.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: