Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

2-қосымша. Жол белгілері және оның сипаттамалары (ҚР СТ 1124-2003 және ҚР СТ 1412-2005 бойынша)

2-қосымша. Жол белгілері және оның сипаттамалары (ҚР СТ 1124-2003 және ҚР СТ 1412-2005 бойынша)

1. Көлде­нең бел­гi

Көлде­нең бел­гi (сы­зықтар, бағыт­та­ушы сы­зықта­ры, көлiк жүре­тiн бөлiк­те жа­зулар және басқа бел­гi­ле­улер) қозғалыс­тың бел­гi­лi ре­жим­де­рi мен тәртi­бiн бел­гi­лей­дi.

Көлде­нең бел­гi­лер­дiң түсi, 1.4, 1.10. және 1.17. са­ры түстi сы­зықтар­дан басқасы, ақ бо­лады.

Көлде­нең бел­гi:

1.1. - қара­ма-қар­сы бағыт­тағы көлiк­тердiң ле­гiн бөлiп тұра­ды және жол­дардағы қауiп­тi жер­лерде­гi қозғалыс жо­лағының ше­кара­сын бел­гi­лей­дi; кi­руге тыйым са­лынған көлiк жүре­тiн бөлiк­тiң ше­кара­сын бел­гi­лей­дi; көлiк құрал­да­ры тұрақ орын­да­рының ше­кара­сын және ав­то­ар­наға жатқызыл­маған жол­дардың көлiк жүре­тiн бөлi­гiнiң ше­тiн бiл­дi­редi;

ҚР Үкіметінің 2007 ж. 25 ма­мыр­дағы № 420 Қаулы­сымен сілте­ме өзгертілді (бұр. ред. қара)

Бел­гi­лер­дiң нөмiр­ле­нуi ҚР СТ 1124-2003 сәй­кес ке­ледi. Жол бел­гi­сiнiң ата­уы мен бей­не­ленуi 3-су­рет­ке кел­тi­рiл­ген

1.2. (жал­пақ тұтас сы­зық) - ав­то­ар­на­лар­дағы көлiк жүре­тiн бөлiк­тiң ше­тiн бiл­дi­редi;

1.3. - төрт және одан да көп қозғалыс жол жо­лағы бар жол­дардағы қара­ма-қар­сы бағыт­тардағы көлiк ле­гiн бөле­дi;

1.4. - аял­да­ма жа­сауға тыйым са­лынған орын­дарды бiл­дi­редi. Дер­бес не­месе 3.27. бел­гi­сiмен қоса қол­да­ныла­ды және көлiк жүрi­сi бөлi­гiнiң ше­тiнен не­месе бор­дюрдiң жоғары жағынан қойыла­ды;

1.5. - екi не­месе үш жо­лағы бар жол­дарда қара­ма-қар­сы бағыт­тардағы көлiк ле­гiн бөлiп тұра­ды; бiр бағыт­та қозғалуға ар­налған екi не­месе одан көп қозғалыс жо­лағы болған кез­де ше­кара­ны бiл­дi­редi;

1.6. (жақын­дау сы­зығы - сы­зықта­рының ұзын­дықта­ры олар­дың ара­сын­дағы бос жер­лерден 3 есе ұзын бо­латын үзiк сы­зықтар) қара­ма-қар­сы не­месе iлес­пе бағыт­тағы көлiк ле­гiн бөле­тiн 1.1. не­месе 1.11. таңба­сына жақын­дағанын ес­керте­дi;

1.7. (ара­сын­дағы бос жер­ле­рi олар­мен тең бо­латын қысқа сы­зықты үзiк сы­зықтар) - жол қиылы­сы ше­гiн­де­гi қозғалыс жол жо­лағының ше­кара­сын бiл­дi­редi;

1.8. (жал­пақ үзiк сы­зықтар) - қозғалу не­месе тоқтау жол жо­лағы мен жүрiс бөлi­гiнiң не­гiз­гi жо­лағы ара­сын­дағы ше­кара­ны бiл­дi­редi (түрлi деңгей­де­гi жол­дардың қиылы­сын­дағы, өтпе­лерiн­де­гi, ав­то­бус­тар аял­да­мала­ры және сол сияқты ай­мақтағы);

1.9. - ре­вер­сивтi рет­теу жүзе­ге асы­рыла­тын қозғалыс жол жо­лағы ше­кара­ларын бiл­дi­редi; ре­вер­сивтi рет­теу жүзе­ге асы­рыла­тын жол­дарда қара­ма-қар­сы бағыт­тағы көлiк ле­гiн бөлiп тұра­ды (ре­вер­сивтi бағдар­шам жұмыс iс­теп тұрған­да);

1.10. - тұруға тыйым са­лынған жер­лердi бiл­дi­редi. Дер­бес не­месе 3.28-3.30. бел­гi­лерi­мен қоса қол­да­ныла­ды және көлiк жүрi­сi бөлi­гiнiң ше­тiнен не­месе бор­дюрдiң жоғары жағынан қойыла­ды;

1.11. - жол­дардың бiр жо­лақтан ғана орын ауыс­ты­руға рұқсат етiл­ген учас­ке­лерiн­де қара­ма-қар­сы не­месе iлес­пе бағыт­тағы көлiк ле­гiн бөле­дi; бiр бағыт­тағы қозғалысқа рұқсат етiл­ген тұру алаңынан және тағы сон­дай жер­лерде бұры­луға, кi­руге және шығуға ар­налған жер­лердi көрсе­тедi;

1.12. (тоқтау-сы­зығы) - жүргi­зушi 2.5. бел­гi­сi не­месе бағдар­шамның (рет­те­ушi­нiң) тыйым са­латын сиг­на­лы ке­зiн­де аял­дауға ти­iс­тi орын­ды көрсе­тедi;

1.13. - жүргi­зушi қажет болған жағдай­да қиылы­сатын жол­дың бойымен қозғалыс­тағы көлiк құрал­да­рына жол бе­ре оты­рып тоқтай­тын орын­ды көрсе­тедi;

1.14.1, 1.14.2. ("зеб­ра" (ала)) - жа­яу жүргiн­шi­лер­ге ар­налған рет­телмей­тiн өтпе­нi бiл­дi­редi; 1.14.2. таңба­ла­уының бағыт­та­ушы­лары жа­яу жүргiн­шi қозғалы­сының бағытын көрсе­тедi;

1.14.3. - қозғалыс бағдар­шаммен рет­те­летiн жа­яу жүргiн­шi­лер жо­лын бiл­дi­редi;

1.15. - ве­лоси­пед жо­лы көлiк жүре­тiн бөлiк­тi ке­сiп өте­тiн жер­дi бiл­дi­редi;

1.16.1.-1.16.3. - мы­на орын­дарға бағыт­тай­тын жер­лердi бiл­дi­редi: 1.16.1. - қара­ма-қар­сы бағыт­тағы көлiк ле­гiн бөлу; 1.16.2. - бiр бағыт­тағы көлiк ле­гiн бөлу, 1.16.3. - көлiк ле­гiнiң ара­ласуы;

1.17. - марш­рут­тық көлiк құрал­да­рының аял­да­масын және так­си тұрағын бiл­дi­редi;

1.18. - жол қиылы­сын­да жо­лақтар бойын­ша рұқсат етiл­ген қозғалыс бағытын көрсе­тедi. Дер­бес не­месе 5.8.1., 5.8.2. бел­гi­лерi­мен қоса қол­да­ныла­ды; тұйықтықты кес­кiнде­ген таңба­лау жақын маңдағы жүрiс бөлi­гiн­де бұры­луға тыйым са­лына­тын­дығын көрсе­тедi; сол жақтағы шет­кi жо­лақтан солға бұры­луға рұқсат ете­тiн таңба ке­рi бұры­луға да рұқсат ете­дi;

1.19. - жүрiс бөлi­гiнiң та­рылуы (осы бағыт­тағы қозғалыс жо­лақта­рының са­ны азайған учас­ке­дегi) не­месе қара­ма-қар­сы бағыт­тағы көлiк ле­гiн бөлiп тұра­тын 1.1. не­месе 1.11. таңба­лы сы­зықтарға жақын­дағаны ту­ралы ес­керте­дi. Бi­рiн­шi жағдай­да 1.19. таңба­ла­уы 1.18.1.-1.18.3. бел­гi­лерi­мен қоса қол­да­нылуы мүмкiн;

1.20. - 1.13. таңба­сына жақын­дағаны ту­ралы ес­керте­дi;

1.21. - "(ТОП ("ТОҚТА") жа­зуы) - 2.5. бел­гi­сiмен қоса қол­да­ныла­тын кез­де­гi 1.12. таңба­сына жақын­дағаны ту­ралы ес­керте­дi;

1.22. - жол­дың (марш­рут­тың) нөмi­рiн көрсе­тедi;

1.23. - марш­рут­тық көлiк құрал­да­рына ар­налған ар­на­улы жол жо­лағын көрсе­тедi.

1.1.-1.3. сы­зықта­рын ке­сiп өту­ге тыйым са­лына­ды.

Көлiк құра­лын жол жағала­уын­да тоқта­ту үшiн 1.1. және 1.2. сы­зықта­рын ке­сiп өту­ге бо­лады, ал 1.1. сы­зығы - ерек­ше­лiк ре­тiн­де ке­дер­гi­нi, егер бұл ерек­ше­лiк­ке соқпай орын­дау мүмкiн бол­маған жағдай­да, ай­на­лып өткен­де. 1.4. сы­зығы марш­рут­тық көлiк құрал­да­рына қол­да­ныл­май­ды.

1.5.-1.8. сы­зығын кез кел­ген жағынан ке­сiп өту­ге рұқсат етi­ледi.

1.9. сы­зығын ре­вер­сивтi бағдар­шамдар жоқ болған­да не­месе ажы­рату­лы жағдай­да, егер ол жүргi­зушi­нiң оң жағын­да ор­на­ласқан бол­са; ре­вер­сивтi бағдар­шамдар қосу­лы болған­да - егер ол қозғалысқа бiр бағытқа рұқсат етiл­ген жо­лақтар­ды бөлiп тұра­тын бол­са - кез кел­ген жағынан ке­сiп өту­ге рұқсат етi­ледi ре­вер­сивтi бағдар­шамдар ажы­рату­лы болған­да жүргi­зушi кi­дiр­местен 1.9. таңба­лы сы­зықтан оңға орын ауыс­ты­руы ке­рек.

Қара­ма-қар­сы бағыт­тағы көлiк ле­гiн бөлiп тұрған 1.9. сы­зығын ре­вер­сивтi бағдар­шамдар қосу­лы болған­да ке­сiп өту­ге тыйым са­лына­ды.

1.10. сы­зығының күшi I және II топ­тағы мүге­дек­тер басқара­тын көлiк құрал­да­рына не­месе осын­дай мүге­дек­тердi та­ситын так­си­лер­ге және так­со­мет­рi iс­ке қосу­лы так­си­лер­ге қол­да­ныл­май­ды.

1.11. сы­зығын үзiк сы­зықты жағынан, ал сон­дай-ақ ба­сып озу не­месе ай­на­лып өту аяқталған­нан кейiн ғана тұтас жағынан ке­сiп өту­ге рұқсат етi­ледi.

алып жүре­тiн тақта­да ор­на­ласқан жол бел­гi­лерi мен таңба сы­зықта­ры бiр-бi­рiне қай­шы ке­летiн бол­са, жүргi­зушi бел­гi­нi бас­шы­лыққа алуы ти­iс.

2. Тi­гiнен таңба­лау

Жол ғима­рат­та­рын­дағы және жол жаб­дықта­ры эле­мент­те­рiн­де­гi қара және ақ түстi жо­лақ ара­лас түрiн­де­гi таңба олар­дың көле­мiн көрсе­тедi және көрiп бағдар­лау құра­лы бо­лып та­была­ды.

Тi­гiнен таңба­лау:

2.1. жол ғима­рат­та­ры эле­мент­те­рiн (көпiр та­яны­шы, жол құбыр­ла­ры, па­рапет­тердiң бүйiр жағы және сол сияқты­лар), бұл эле­мент­тер қозғалыс­тағы көлiк құра­лына қауiп төндiр­ген кез­де, бiл­дi­редi;

2.2 тон­нелдер­дiң, көпiр және жолқұбыр­ла­ры өту құры­лымы­ның төмен­гi ше­тiн бiл­дi­редi;

2.3 бөлу жо­лақта­ры мен қауiп­сiздiк арал­да­рын­да ор­на­тылған дөңге­лек тум­ба­ны бiл­дi­редi;

2.4 бағыт­та­ушы бағана­лар, баған­шы­лар, қор­шау та­яныш­та­ры және сол сияқты­лар­ды бiл­дi­редi;

2.5 шағын ра­ди­ус­ты ай­на­лыс­тардағы, тiк құла­ма жар­лар мен басқа да қауiп­тi учас­ке­лер­де­гi жол қор­ша­ула­рының бүйiр жағын бiл­дi­редi;

2.6 басқа учас­ке­лер­де­гi жол қор­ша­ула­рының бүйiр жағын бiл­дi­редi;

2.7 қауiп­тi учас­ке­лер мен би­iк­те­гi қауiп­сiздiк арал­да­рын бiл­дi­редi.

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: