Қазақша
Бастапқы бет Сайт картасы
2012 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының аумағында 13 ЖКО тіркелді, онда 2 адам қаза тапты және 15 адам жарақат алды

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әрқашан сақшысы!

Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады: Сізге мұнда Қазақстан Республикасы қаласында фото-бейне-тіркеу стационарлық жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылық­тарының болуын тексеруге болады:

Сенім телефондары

Жаңалықтар мұрағаты

ДүСеСәБеЖұСбЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңалықтарға жазылу

Жаналықтарға жазылу үшін өзіңіздің E-mail жіберіңіз. Жазылуға қарсы болу үшін өзіңіздің E-mail қайтадан жіберіңіз.

 

2 қосымша. Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерi

2 қосымша. Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерi

1. Жол қауiп­сiздi­гiне және қор­шаған ор­та­ны қорғауға қатыс­ты тұрғыдағы жол қозғалы­сына қаты­сушы көлiк құрал­да­рының тех­ни­калық жай-күйi мен жаб­дығы олар­ды тех­ни­калық пай­да­лану жөнiн­де­гi ти­iс­тi стан­дарт­тар­дың, ере­желер мен бас­шы­лықтар­дың та­лап­та­рына жа­уап бе­руi ти­iс.

ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 2-тар­мақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Ме­хани­калық көлiк құрал­да­ры мен тiр­ке­мелер "Тран­зит" де­ген тiр­кеу бел­гi­сiнiң қол­да­нылу мер­зi­мi iшiн­де жол по­лици­ясын­да тiр­ке­луi ти­iс.

Тұрақты тiр­кеу ор­ны­нан 2 ай­дан ас­там мер­зiмге шыққан ме­хани­калық көлiк құрал­да­ры ар­налған же­рiне ке­луi бойын­ша уақыт­ша тiр­ке­луi ти­iс.

3. Ме­хани­калық көлiк құрал­да­рын­да (трам­вай­лар мен трол­лей­бус­тардан басқа) және тiр­ке­мелер­де осы үшiн көздел­ген орын­дарда ти­iс­тi үлгi­дегi тiр­кеу бел­гi­лерi, ал ав­то­мобиль­дер­де бұдан басқа, маңдай әй­не­гiнiң оң төмен­гi бұры­шын­да мем­ле­кет­тiк тех­ни­калық қара­удан өткен­дi­гi ту­ралы та­лон ор­на­лас­ты­рыла­ды.

Тiр­кеу бел­гi­лерi­нiң сан­да­ры мен әрiп­те­рi жүк ав­то­мобиль­де­рiнiң, тiр­ке­мелер­дiң (жеңiл ав­то­мобиль­дер мен мо­тоцикл­дер­дiң тiр­ке­меле­рiнен басқа) және ав­то­бус­тардың (аса шағын­да­рынан басқа) қорап­та­рының артқы жақта­уын­да қай­та­лануы ти­iс. Сан­дардың би­iк­тi­гi - ке­мiн­де 300 мм, енi ке­мiн­де 120 мм, штрих­тың қалыңдығы 30 мм, әрiп­тердiң мөлше­рi сан­дардың мөлше­рiнiң 2/3.

Трам­вай­лар мен трол­лей­бус­тарға ти­iс­тi ве­домс­тво­лар­дың бер­ген тiр­кеу нөмiр­ле­рi жа­зыла­ды.

4. Жо­ла­ушы­лар­ды та­сымал­дауға пай­да­ланы­латын борт­тық плат­форма­сы бар жүк ав­то­моби­лi еде­нiнен 0,3 - 0,5 м және борт­тың жоғарғы жи­егi­нен 0,3 м кем емес би­iк­тiкте бе­кiтiл­ген орын­дықтар­мен жаб­дықта­луы ти­iс, ал ба­лалар­ды та­сымал­дау ке­зiн­де, бұдан басқа, борт­тың би­iк­тi­гi еден­нiң деңгейiнен 0,8 м кем бол­ма­уы ти­iс. Артқы не­месе қап­талдағы борт­тар­дың бойын­да ор­на­лас­ты­рылған орын­дықтар­дың бе­рiк арқалықта­ры бо­луы ти­iс.

5. Жүргi­зуге оқыту үшiн пай­да­ланы­латын және оқу ұйымы­на ти­есi­лi ме­хани­калық көлiк құра­лы iлi­нiс­тiргiш пен те­же­уiш­тi iс­ке кел­тi­рудiң қосым­ша теп­кiште­рiмен жаб­дықта­луы ти­iс.

6. Ве­лоси­пед­те ақаусыз те­же­уiш, руль және ды­быс­тық бел­гi бо­луы, ал­ды­нан жа­рықты қай­та­рушы және фо­нарь­мен не­месе ақ түстi фар­мен (тәулiк­тiң қараңғы уақытын­да жет­кi­лiк­сiз көрi­нiм жағдай­ла­рын­да қозғалыс үшiн), ар­ты­нан - жа­рықтық қай­тар­шы­мен не­месе қызыл түстi фо­нарь­мен, ал әрбiр бүйiр жағынан - сарғыш не­месе қызыл түстi жа­рық қай­та­рушы­сымен жаб­дықта­луы ти­iс.

7. Жүктiк ар­ба­шада конс­трук­ци­ясын­да көздел­ген ақаусыз тұрақтық те­же­уiш қон­дырғысы мен сырғанап ке­туге қар­сы тi­ре­уiш бо­луы, ал­ды­нан екi жа­рық қай­та­рушы­мен не­месе ақ түстi фо­нар­мен (тәулiк­тiң қараңғы уақытын­да және жет­кi­лiк­сiз көрi­нiм жағдай­ла­рын­да қозғалыс үшiн), ар­ты­нан - 2 жа­рықтық қай­та­рушы­мен не­месе қызыл түстi фо­нарь­мен жаб­дықта­луы ти­iс.

ҚР Үкi­метi­нiң 19.12.02 ж. № 1329 (бұр. ред. қара); 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулы­лары­мен 8-тар­мақ өзгертілді

8. Көлiк құрал­да­рын­да мы­надай айырым бел­гi­лерi ор­на­тылуы ти­iс:

Айырым бел­гi­лерi­нiң ата­ула­ры мен бей­не­лерi 4-су­рет­те кел­тi­рiл­ген.

"Ав­то­по­езд" - ара­лары 150-ден 300 мм дейiн ара­лықта ка­бина­ның төбе­сiн­де көлде­нең ор­на­ласқан сарғыш түсте­гi үш фо­нарь түрiн­де тiр­ке­месi бар жүк ав­то­мобиль­де­рi мен доңғалақты трак­торларға (1,4 сы­ныбы және одан жоғары) ар­налған, сон­дай-ақ мүше­лес ав­то­бус­тар мен трол­лей­бус­тарға ар­налған. Ав­то­по­ез­да iш­кi жа­рықтан­ды­руға ар­налған қон­дырғы мен са­ры түстi тең жақты үшбұрыш түрiн­де­гi (жақта­ры - 2500 мм) айырым бел­гi­лерiн қол­да­нуға жол бе­рiле­дi;

"Ти­ек­тер" - "Ш" әрпi етiп жа­зылған қызыл түспен жи­ек­телген ұшы жоғары ақ түстi тең жақты үшбұрыш түрiн­де­гi (үшбұрыш­тың жақта­ры ке­мiн­де 200 мм, жи­ек­тiң енi - жақтың 1/10) - ти­ек­телген ши­нала­ры бар ме­хани­калық көлiк құрал­да­рының ар­тында;

"Ба­лалар­ды та­сымал­дау" - 1.21. жол бел­гi­сiнiң рәмi­зiн қара бо­яумен бе­дер­леп қызыл түстi жи­ек­тi са­ры түстi квад­рат түрiн­де (жақта­ры ке­мiн­де 250 мм, жи­ек­тiң енi - жақтың 1/10) - ба­лалар то­бын та­сымал­дау ке­зiн­де ав­то­бус­тардың не­месе жүк ав­то­мобиль­де­рiнiң ал­ды­нан және ар­ты­нан;

"Саңырау жүргi­зушi" - ди­амет­рi 40 мм iш­тен үш қара шеңбер жүргi­зiл­ген 160 мм ди­аметр­лi са­ры шеңбер түрiн­де­гi бей­не­лен­ген тең жақты үшбұрыш­тың тiкбұрыш­та­ры ор­на­ласқан, оның ұшы төмен­ге қара­тылған - мылқау не­месе саңырау жүргi­зушi­лер басқара­тын ме­хани­калық құрал­да­рының ал­ды­нан және ар­ты­нан;

"Оқу көлiк құра­лы" - қызыл түспен жи­ек­телген ұшы жоғары қараған ақ түстi тең жақты үшбұрыш түрiн­де, он­да қара түстi "У" әрпi жа­зылған (жақта­ры - ке­мiн­де 200 мм, жи­егi­нiң енi - жақтың 1/10) - жүргi­зуге оқытуға пай­да­ланы­латын ме­хани­калық көлiк құрал­да­рының ал­ды­нан және ар­ты­нан (жеңiл ав­то­мобиль­дiң төбе­сiне екi­жақты бел­гi қоюға жол бе­рiле­дi); "Жыл­дамдықты шек­теу" - рұқсат етiл­ген жыл­дамдықты (бел­гi­нiң ди­амет­рi - ке­мiн­де 160 мм, жи­ек­те­лiмi­нiң енi - ди­аметр­дiң 1/10) көрсе­тiлiп 3.24 жол бел­гi­сiнiң кi­шiрей­тiл­ген түстi бел­гi­сi түрiн­де ауыр сал­мақты және iрi көлем­дi зат­тарды та­ситын ме­хани­калық көлiк құрал­да­рын­да қорап­тың төмен­гi жағын­да сол жақта, сон­дай-ақ көлiк құра­лының тех­ни­калық си­пат­та­масы бойын­ша Ере­желер­дiң 10.3-тар­мағын­да бел­гi­лен­ген ең жоғары жыл­дамдығы төмен жағдай­лар­да;

"Қауiп­тi жүк" - 690х300 мм мөлше­рiн­де­гi ҚР СТ ГОСТ P 41.104-2001 та­лап­та­рына сай жа­рық қай­тарғыш бе­тi бap тiк үшбұрыш түрiн­де оның оң бөлi­гi 400х300 мм мөлше­рiн­де сарғыш бо­яумен, ал сол жағы - қара түстi жи­ек­пен ақ түсте бо­ялған (енi - 15 мм) және жүктiң қауiп­тi бел­гi­лерiн си­пат­тай­тын таңба­лары бар (19433-88 ГОСТ бойын­ша) - осын­дай жүктер­дi та­сымал­дай­тын көлiк құрал­да­рының ал­ды­нан және ар­ты­нан;

"Iрi көлем­дi жүк" - жа­рықтық қай­та­ру үстiңгi бе­тiмен СТ РК ГОСТ Р 51253-2001 және СТ РК ГОСТ Р 41.104-2001 ГОСТ-тың та­лап­та­рына сәй­кес 50 мм енiн­де­гi ке­зек­те­сiп ке­летiн қызыл және ақ ди­аго­нал­да­ры бойын­ша жүргi­зiл­ген 400х400 мм мөлше­рiн­де­гi қалқан­ша түрiн­де - iрi көлем­дi жүктiң ал­ды­нан, ар­ты­нан және бүйiрi­нен;

"Ұзын өлшем­дi көлiк құра­лы" - жа­рық қай­та­ру үстiңгi бе­тi бар қызыл түстi жи­ек­тi (енi - 40 мм) са­ры түстi ке­мiн­де 1200 - 200 мм мөлше­рiн­де­гi тiк ұшбұрыш түрiн­де - көлiк құра­лының ар­ты­нан, оның ұзын­дығы (бiр тiр­ке­менi қоса алған­да) жүгi­мен не­месе жүксiз - 20 м ас­там, және екi және одан да көп тiр­ке­меле­рi бар ав­то­по­ез­дар. Аталған мөлшер­де­гi бел­гi­нi ор­на­лас­ты­ру мүмкiн бол­маған кез­де көлiк құра­лының осi­не сим­метри­ялы, ке­мiн­де 600х200 мм мөлше­рiн­де­гi екi бiр­дей бел­гi­нi ор­на­туға жол бе­рiле­дi; "Мүге­дек" - жақта­уы 150 мм және қара түстi 7.17. жол бел­гi­сiнiң рәмi­зi бей­не­лен­ген са­ры түстi төртбұрыш түрiн­де - I және II топ­тағы мүге­дек­тер басқара­тын не­месе осын­дай мүге­дек­тердi та­сымал­дай­тын ме­хани­калық көлiк құрал­да­рының ал­ды­нан және ар­ты­нан;

Жүргi­зушi­нiң қала­уы бойын­ша "Дәрi­гер" айырым бел­гi­сi ор­на­тылуы мүмкiн - ақ шеңбер­мен (ди­амет­рi - 125 мм) көк түстi төртбұрыш түрiн­де (жақта­ула­ры - 140 мм), оған қызыл крест түсi­рiл­ген (би­iк­тi­гi - 90 мм, штрих­тiң енi - 25 мм) - дәрi­гер-жүргi­зу басқара­тын ав­то­мобиль­дiң ал­ды­нан және ар­ты­нан;

ҚР Үкi­метi­нiң 19.12.02 ж. № 1329 қаулы­сымен 9-тар­мақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

9. Ава­ри­ялық тоқта­ту бел­гi­сi 24333-97 ГОСТ-тың та­лап­та­рына сәй­кес ке­луi ти­iс. Ере­желер­дiң 7-бөлiм­нiң та­лап­та­рына сәй­кес қол­да­ныла­тын фо­нар­дан сәуле­лене­тiн жы­пылықта­ушы қызыл түс күндiз ашық ауа райын­да және жет­кi­лiк­сiз көрi­нiм жағдай­ла­рын­да жақсы айырым­да­луы ти­iс.

10. Қазақстан Рес­публи­касы Көлiк құрал­да­рын "KZ" ерек­ше­леу бел­гi­сi 78ЗК01-95 РД бас­шы­лық нор­ма­тив­тiк құжа­тына сәй­кес ке­луi ти­iс. Бел­гi жеңiл ав­то­мобиль­дер­дiң, шағын ав­то­бус­тар мен ав­то­бус­тардың артқы әй­не­гiнiң жоғарғы оң жағына же­лiм­де­недi не­месе ор­на­тыла­ды, ал қалған көлiк үшiн - артқы па­нелi­нiң оң жақ бөлi­гiн­де - ор­та­сын­да же­лiм­де­недi не­месе ор­на­тыла­ды.

11. Ме­хани­калық көлiк құрал­да­рын сүй­реу ке­зiн­де­гi икем­дi бай­ла­ныс­ты­ру бу­ын­дарды таңба­лау үшiн ес­керту қон­дырғыла­ры жа­рық қай­та­ру үстiңгi бе­тi бар 50 мм ен­дi жо­лақтар­мен ке­зек­те­сiп ке­летiн қызыл және ди­аго­нал­дар бойын­ша екi­жақтан жүргi­зiл­ген 200х200 мм мөлше­рiн­де­гi жа­ла­уша­лар не­месе қалқан­ша­лар түрiн­де орын­да­луы ти­iс.

Икем­дi бай­ла­ныс­ты­рушы бу­ынға ке­мiн­де екi ес­керту қон­дырғысы ор­на­тылуы ти­iс.

12. Қат­ты үй­ре­ту қон­дырғысы­ның конс­трук­ци­ясы 25907-89 ГОСТ-тың та­лап­та­рына сәй­кес бо­луы ти­iс.

ҚР Үкi­метi­нiң 19.12.02 ж. № 1329 (бұрынғы ред. қара) ; 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулы­лары­мен 13-тар­мақ өзгертілді

13. Мы­наларға тыйым са­лына­ды:

егер олар­дың тех­ни­калық жай-күйi мен жаб­дығы көлiк құрал­да­рын пай­да­лануға тыйым са­лына­тын Ақаулықтар­мен жағдай­ла­ры тiз­бе­сiнiң та­лап­та­рына жа­уап бер­ме­се ав­то­мобиль­дер­ге, ав­то­бус­тарға, ав­то­по­ез­дарға, тiр­ке­мелер­ге, мо­тоцикл­дер­ге, мо­пед­терге, трак­торлар мен өзi жүре­тiн ма­шина­ларға (қосым­шаға сәй­кес);

олар­дың құра­мын­да жүру­ге ар­налмаған тiр­ке­мелi ав­то­мобиль­дер­ге;

Тех­ни­калық пай­да­лану ере­желе­рi бойын­ша бiр ақаулығы болған ке­зiн­де де трол­лей­бус­тар мен трам­вай­ларға;

мем­ле­кет­тiк тех­ни­калық қара­удан өтпе­ген, сон­дай-ақ ти­iс­тi рұқсат­сыз қай­та жаб­дықталған көлiк құрал­да­рына;

иеле­рi заңна­мада бел­гi­лен­ген жағдай­лар­да көлiк құрал­да­ры иеле­рiнiң жа­уап­кершiлігін мiн­деттi сақтан­ды­ру шар­тын және/не­месе жо­ла­ушы­лар­дың ал­дында та­сымал­да­ушы­ның жа­уап­кершi­лiгiн мiн­деттi сақтан­ды­ру шар­тын жа­самаған көлiк құрал­да­рына;

Жол по­лици­ясы­ның рұқса­тын­сыз жарқыл­дақ жа­рық бе­ретiн және ар­найы ды­быс­тық бел­гi­лер­мен, жол по­лици­ясы­мен ке­лiс­пей қорап­тың бүйiрi­нiң жоғарғы жағына көлбеу ақ жо­лақпен, бел­гi­лен­ген орын­да­рын­да тiр­кеу нөмiр­ле­рiн бе­кiту­сiз түйiн­дермен аг­ре­гат­тардың не­месе тiр­кеу бел­гi­лерi­нiң жа­сырын, қол­дан жа­салған, өзгер­тiлген нөмiр­ле­рiмен жаб­дықталған көлiк құрал­да­рына.

ал­дында және ар­тында "Қауiп­тi жүк" бел­гi­сi жоқ, қауiп­тi жүктер­дi та­сымал­дай­тын көлiк құрал­да­рына.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулы­сымен 14-тар­мақ өзгертілді

14. Көлiк құрал­да­рының тех­ни­калық жай-күйi мен пай­да­лану­ына жа­уап­ты ла­уазым­ды және өзге де адам­дарға:

олар­ды пай­да­лануға тыйым са­лына­тын ақаулықта­ры бар көлiк құрал­да­рын жолға шығаруға не­месе ти­iс­тi рұқсат­сыз жаб­дықталған, не­месе бел­гi­лен­ген тәртiп­пен тiр­келме­ген, не­месе мем­ле­кет­тiк тех­ни­калық қара­удан өтпе­ген, сон­дай-ақ иеле­рi заңна­мада белгілен­ген жағдай­лар­да көлiк құрал­да­ры иеле­рiнiң жа­уап­кершi­лiгiн мiн­деттi сақтан­ды­ру шар­тын және/не­месе жо­ла­ушы­лар­дың ал­дында та­сымал­да­ушы­ның жа­уап­кершi­лiгiн мiн­деттi сақтан­ды­ру шар­тын жа­самаған көлiк құрал­да­рын жолға шығаруға;

ма­саңдық (ал­ко­голь­дiк, есiрт­кi­лiк не­месе өзге) күйiн­де, құлақ асу мен на­зар ауда­руды на­шар­ла­татын, дәрi пре­парат­та­рының әсе­рiн­де­гi, қауiп­сiздi­гiне қатер төндi­ре­iн ауру­лы не­месе шар­шаған күй­де­гi қозғалыс­тың жүргi­зушi­лер­дi, не­месе осы са­нат­тың көлiк құра­лын басқару құқығы жоқ адам­дарды көлiк құра­лын басқаруға жi­беру­iне;

ас­фаль­ттi - және це­мент­тi - бе­тон­ды жа­бын жол­дар бойын­ша шын­жыр та­бан­ды трак­торлар мен өзi жүре­тiн ма­шина­лар­ды қозғалысқа жi­беру­iне тыйым са­лына­ды.

15. Жол­дардың, те­мiр жол өтпе­лерi­нiң және басқа да жол құрылғыла­рының жай-күйiне жа­уап­ты ла­уазым­ды және өзге де адам­дар:

жол­дарды, те­мiр жол өтпе­лерi мен басқа да жол құры­лыс­та­рын қозғалыс үшiн қауiп­сiз жай-күй­де ұстауға;

қозғалысқа ке­дер­гi кел­тi­ретiн ке­дер­гi­лер­дi уақты­лы жоюға, олар­ды пай­да­лану жол қозғалы­сының қауiп­сiздi­гiне қатер төндi­ретiн кез­дерде жол­дардың же­келе­ген учас­ке­лерiн­де қозғалысқа тыйым са­лу не­месе шек­теу, ша­рала­рын қол­да­нуға мiн­деттi.

16. Жол­дардағы жұмыс­тардың жүргi­зiлу­iне жа­уап­ты ла­уазым­ды және өзге адам­дар жұмыс­тарды жүргi­зу орын­да­рын­да қозғалыс­тың қауiп­сiздi­гiн қам­та­масыз ету­ге мiн­деттi. Осы орын­дар, сон­дай-ақ жол­дың ше­гiнен алып тас­тауға бол­май­тын жұмыс iс­те­мей­тiн жол ма­шина­лары, жұмыс­тар аяқталған соң қалған құры­лыс ма­тери­ал­да­ры, конс­трук­ци­ялар мен соған ұқсас­тар ти­iс­тi бел­гi­лен­ген нор­ма­лар­мен бағыт­та­ушы және қор­ша­ушы қон­дырғылар­мен, жол бел­гi­лерi­мен, ал тәулiк­тiң қараңғы уақытын­да және жет­кi­лiк­сiз көрi­нiм жағдай­ла­рын­да қосым­ша қызыл не­месе са­ры бел­гi­лiк от­тармен таңба­лануы ти­iс.

Жұмыс­тар аяқталған соң жол­да көлiк құрал­да­ры мен жа­яу жүргiн­шi­лер­дiң қауiп­сiз қозғалы­сының жағдай­ла­ры қам­та­масыз етi­луi ти­iс.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулы­сымен 17-тар­мақ өзгертілді

17. Ти­iс­тi ла­уазым­ды және өзге адам­дар қол­да­нып жүрген заңдар­да көздел­ген жағдай­лар­да бел­гi­лен­ген тәртiп­пен жол по­лици­ясы­мен және басқа да уәкi­лет­тi мем­ле­кет­тiк ор­гандар­мен:

қала­лар­да және ав­то­мобиль жол­да­рын­да жол қозғалы­сын ұйым­дасты­рудың жо­бала­рын, жол­дарды қозғалыс­ты ұйым­дасты­рудың тех­ни­калық құрал­да­рымен жаб­дықта­уды;

құры­лыс­тардың, жол­дарды қай­та жаңар­ту, жол құры­лыс­та­рының жо­бала­рын; жол­дың тi­келей жақын маңын­да көрi­нiм­дi на­шар­ла­татын және жа­яу жүргiн­шi­лер­дiң қозғалы­сын қиын­да­татын ки­ос­кi­лер­дi, транс­па­рант­тар­ды, пла­кат­тарды, жар­на­малық қалқан­дарды және осыған ұқсас­тарды ор­на­туды;

қозғалыс марш­рут­та­рын және марш­рут­тық көлiк құрал­да­рының аял­да­малық пунк­тте­рiн ор­на­лас­ты­руды;

жол­дарда бұқара­лық, спорт және өзге ша­ралар­ды жүргi­зудi;

көлiк құрал­да­рын қай­та жаб­дықта­уды, оларға көлiк құрал­да­рының қорап­та­рының бүйiрi­нiң жоғарғы жағына көлбеу ақ жо­лақтар жүргi­зудi, оларға ар­найы түстiк және ды­быс­тық бел­гi­лер­дi ор­на­туды;

ауыр сал­мақты, қауiп­тi және iрi көлем­дi жүктер­дi та­сымал­да­уды;

жал­пы ұзын­дығы 20 м ас­там көлiк құрал­да­рының (бiр-тiр­ке­менi қоса алған­да) не­месе екi және одан да көп тiр­ке­меле­рi бар ав­то­по­ез­дардың қозғалы­сын;

жол қозғалы­сының қауiп­сiздi­гi бойын­ша ма­ман­дарды, жүру бойын­ша нұсқаушы­лар мен жүргi­зушi­лер­дi да­яр­лау бағдар­ла­масын;

оқулық жүру тыйым са­лына­тын жол­дардың тiз­бе­сiн;

жол­да көлiк құрал­да­рының не­месе жа­яу жүргiн­шi­лер­дiң қозғалы­сына ке­дер­гi кел­тi­ретiн кез кел­ген жұмыс­ты жүргi­зудi ке­лiсе­дi.

Ес­керт­пе. Осы құжат­тың мәтi­нiн­де Қазақстан Рес­публи­касы Жол қозғалы­сының ере­желе­рiн­де бе­кiтiл­ген ар­найы тер­минде­ме пай­да­ланыл­ды.

ҚР Үкіметінің 2007 ж. 25 ма­мыр­дағы № 420 Қаулы­сымен қосым­ша­ның бар­лық мәтін бойын­ша «СТ ҚР Р 51709-2003» де­ген сөздер» ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004» де­ген сөздер­мен ауыс­ты­рыл­ды (бұр. ред. қара)

 

Сайтқа кіру

Өзекті сұхбат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті төрағасының жол қозғалысы қатысушыларына үндеуі
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен кем дегенде 3 жол-көлік оқиғасы тіркеледі, атап өтсек бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының салдарынан 180-ге жуық бала қаза табады. Ол балалар ешқашан да бой жетпейді, жоғарғы оқу орындарына түспейді, ата-ана бола алмайды.
толығырақ »

Акциялар

20 қараша - Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні
Жыл сайын Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні — Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
толығырақ »

Дауыс беру

Егер Сізге соңғы бірнеше айда айтылған мемлекеттік қызмет үшін барғаныңыз болса «Автокөлікті тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік белгілерді беру», құжатты тапсырғаннан кейінгі кезеңнен бастап оны қай уақытта алдыңыз: