Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жол полициясы комитеті

ӨСКЕМЕНДЕ ЖОЛАУШЫЛАР АВТОБУСЫ ӨРТЕНІП КЕТТІ
ҚазАқпарат: Өскеменде соңғы «КШТ» аялдамасында №17 жолаушылар автобусы өртеніп кетті.

Жүргізуші жолаушыларды автобустан шығарып үлгерген, бір тәуірі зардап шеккендер жоқ. Автобус корпусының бестен бір бөлігі өртеніп кеткен. Өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған.

Жол полициясы: БҚО-да тіркелген автомотокөлік саны 145 мыңға жуықтады
- iinform.kz — Батыс Қаз ақстан облысында күні бүгін 144298 автомотокөлік тіркелген.

Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның 103486-сы Орал қаласы, 40812-сі аудандардың үлесіне тиеді.

Биыл 81854 көлік техникалық байқауға әкелінсе, соның 2437-сі сынақтан өте алмаған.

Жыл басынан бері техникалық байқаудан өтпеген автомотокөлікті айдағаны үшін 2671 әкімшілік хаттама толтырылған.

Жол полициясы: БҚО-да жаяу жүргіншіні қағып кетіп, бой тасалаудың 17 фактісі тіркеліп отыр
- inform.kz — БҚО-да жаяу жүргіншіні қағып кетіп, бой тасалаудың 17 фактісі тіркеліп отыр, осы оқиғалардың салдарынан 3 адам қаза тауып, 14 жарақат алған.

Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жаяу жүргіншіні қағып кетудің 4 фактісі ашылмай отыр. Мәселен, 25 желтоқсан күні Оралда алдын ала болжам бойынша «Ниссан Максима» автокөлігін айдаған жүргізуші 06.00 сағат шамасында 1942 жылғы Василий Мартяжкинді қағып кеткен. Ол сол оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі кезде аталмыш автокөлік пен жүргізуші іздестірілуде.

Өңірде жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі жаяу жүргіншілерге қатысты болып отыр. Атап айтқанда, биылғы он бір айда 139 жол апатынан 27 жаяу жүргінші мерт болып, 117-сі жарақат алған. Бұл өткен жылғыдан едәуір көп, 2010 жылы осы мерзімде 93 оқиғадан 16 жүргінші қайтыс болып, 79-ы жарақаттанған еді.

ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ БӨЛІМШЕЛЕРІНЕ ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕР БЕРІЛДІ
Казинформ — Бүгін БҚО ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Рахметов 14 жаңа автокөліктің кілттерін табыс етті.

Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бюджет қаржысына алынған осы көліктердің 12-сі жол полициясына берілді. Соның ішінде тоғыз ВАЗ-2114 автокөлігі аудандарға бөлінді. Олардың бәрі де қазіргі заманғы байланыс құралдарымен, басқа да жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

ОРАЛДА ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІ ҚАҒЫП КЕТКЕН ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ
Казинформ — 27 желтоқсан күні 11 сағат 40 минутта Орал қаласының Құрманғазы мен Темір Масин көшелерінің қиылысында ВАЗ-21099 автокөлігі 1962 жылғы Нұрлан Дүйсенғалиевті қағып өтіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жаяу жүргінші басынан жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілген. Аталмыш автокөлікті ұстауға жеке құрам жұмылдырылды. 12.00 сағат шамасында Сырым Датұлы көшесі бойындағы «Променад» сауда үйі маңында жол полициясы взводының командирі, капитан Мұсағали Бектұрсынов жүргіншіні қағып кеткен автомобильді тоқтатып, 1985 жылғы Н. деген жүргізушіні қолға түсірді.

Биылғы он бір айда облыста осындай 139 оқиға болып, соның салдарынан 27 жаяу жүргінші қаза тауып, 117-сі түрлі жарақат алды, бұл 2010 жылғыдан едәуір көбейіп кетіп отыр (өткен жылы осы мерзімде — 93 оқиғадан 17 адам мерт болып, 79-ы жарақаттанған еді).

ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНІҢ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗБАУЫ БАҒЫТЫНДА АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ
Казинформ — БҚО жол полициясы басқармасы 27–31 желтоқсан аралығында автобус жүргізушілерінің жол ережесін бұзбауы бағытында алдын алу шараларын жүргізуде.

Басқарманың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, осы кезеңде инспекторлар жолаушы есебінде автобустарға отырып, соңғы аялдамаға дейін барлық заңбұзушылықты тіркеп отырады. Сосын хаттама толтырылады. Есіктері ашық күйінде қозғалып кететін немесе кез келген жерде жолаушыны отырғызатын жағдайлар автобустарда жиі кездеседі.

Биылғы он бір айда автобус жүргізушілеріне қатысты жол ережесін бұзғаны үшін 1027 хаттама толтырылған. Жол полициясы сондай-ақ автокөліктердің қолды болмауы үшін де алдын алу шараларын ұйымдастыруда. Автокөліктер көпшілік жағдайда қараусыз қалғандықтан, айдап әкетіледі. Биыл жыл басынан бері 69 айдап кету, автокөлік салонынан 112 ұрлау оқиғасы тіркелген.

Оралда жол-көлік оқиғалары әлдеқайда көбейіп кетіп отыр

Өткен демалыс күндерінде Астана жолдарында мыңнан астам тәртіп бұзушылық анықталды
- today.kz — Өткен демалыс күндері Астана жол полицейлері 1057 әр түрлі тәртіп бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Астана жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

«Демалыс күндері жол полицейлері жол қозғалысын қадағалау кезінде 1057 әр түрлі тәртіп бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 36 жүргізуші автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталған. Белгіленген жылдамдықтан асырған 124 жүргізушіге әкімшілік хаттама жасалды, қарсы беттегі жолаққа шығып кеткен – 9, автокөлікті құжатсыз жүргізген – 16, ұялы телефонды пайдаланған 35 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, 16 автокөлік айып тұрағына қойылды», — делінген ЖПБ хабарламасында.

БҚО жол полициясы қызметкерлері жыл басынан бері 109 қылмыстың бетін ашты
- inform.kz — БҚО жол полициясы қызметкерлері биылғы он бір айда өзге де қызметтермен бірлесе отырып 738 қылмысты (өткен жылы осындай уақытта — 705) ашты.

БҚО ІІД жол полициясы басқармасынан Нұртай Лезовтың хабарлағанындай, жыл басынан бері жол полициясы қызметкерлерінің өздері 109 қылмыстың (өткен жылы он бір айда — 76) бетін ашты.

Жалпы, он бір айда өңірде 260 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 72 адам қаза тауып, 261-і жарақат алды. Жол апаты өткен жылғыдан 22,6 пайызға, қаза тапқандар 12,2, жарақаттанғандар 24,7 пайызға өсіп отыр. Соның ішінде балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 25 пайызға артқан.

Алматыда жаңа жылдан бастап кейбір қалалық автокөлік бағыттары өзгеріске ұшырайтын болады
- inform.kz — Алматыда Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты мамандары Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке қалалық автокөлік бағыттарына өзгеріс енгізілген жаңа жоспарды ұсынды.

Жаңа жүйеге байланысты келесі жылдан бастап кейбір қалалық автокөлік бағыттары біртіндеп өзгеріске ұшырайтын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы уақытта Алматы қаласының кең қанат жайып дамуы мен метрополитеннің бірінші кезегінің іске қосылуына байланысты «Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мамандары қала көлік бағытын жетілдіру мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Соның нәтижесінде алдағы уақытта көлік жылдамдығы артып, кейбір бағыттар бойынша автобустар саны да азаятын болады.

Бүгінде үлкен мегаполисте қала көшелеріне түсетін салмақты азайту бойынша сырттан келетін қоғамдық көліктерге арналған жаңа айналма алаңдар да салынуда. Жаңа алаң экологиялық талаптарға сай келмейтін аймақтық автобустар мен бағыттық көліктер санының азаюына ықпал етпек. Қалаға кіретін көліктер осы айналма алаңдарда жолаушылар мен жүктерді қалдырып, орталыққа кірмей, кері қайтарылатын болады. Мамандардың айтуынша, ол қаладағы көлік кептелісін азайтумен қатар, ауаның ластануын кемітуге ықпал етпек.

Жыл бойына қала әкімдігі мен арнайы сарапшыларға қала тұрғындарынан көлік бағыттарын жақсарту мен өзгерту туралы ұсыныстар жиі түседі. Жақын арада, атап айтқанда 26 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімінің төрағалық етуімен осы мәселеге байланысты арнайы жиын өтетін болады.

Алматыда көлік ұрлаумен айналысып жүрген қылмыстық топ құрықталды
- today.kz — Алматылық тәртіп сақшылары арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында Алматының екі тұрғынынан тұратын қылмыстық топты құрықтады", деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

25 пен 27 жас аралығындағы екі азамат Алматының Жетісу ауданындағы көліктерді ұрлаумен айналысып келген. Тексеру шаралары барысында олардың биылғы жылдың қыркүйегі мен желтоқсан айлары аралығында Алматының маңында жасалған 9 ұрлық әрекетіне қатыстылығы дәлелдеген.

Күдікті азаматтар алдын ала дайындалған жүйе бойынша әрекет еткен. Олар түнгі уақытта үйлердің маңында тұрған «Ваз», «Ауди», «Мазда» сияқты 1990–1993 жылдар аралығындағы ортанқол көліктерді ұрлап, оларды бөлшектеп, Алматының базарларында сатып жүрген.

Полицейлер ұрланған көліктерді бөлшектеліп тасталған күйінде тапқан және табылған көліктерді иелеріне қайтарды. Ал ұсталған азаматтар уақытша ұстау оқшаулағышына жабылып, көлік ұрлығы бойынша қылмыстық іс қозғалды.